date

Нидерландия ханшайымы Амалия әскери қызметін бастады (фото)

Нидерландия ханшайымы Амалия әскери қызметін бастады (фото)

Нидерландия корольдік отбасының 21 жастағы өкілі — ханшайым Амалия резервтегі сарбаз ретінде әскери қызмет жолын бастады. Бұл туралы NOS басылымы хабарлады.

Мәліметтерге қарағанда, Амалия Қарулы күштерде студенттер мен зерттеушілерге арналған қашықтықтан оқыту бағдарламасы арқылы дайындыққа кіріскен. Ол Корольдік теңіз флотында үшінші дәрежелі теңізші, сондай-ақ армия мен әуе күштерінде үшінші дәрежелі сарбаз ретінде тіркелген. Бұл қарулы күштердегі ең төменгі дәреже болып есептеледі.

Ханшайым Амалия тарихта тұңғыш рет корольдік отбасынан әскери қызметті таңдаған әйел ретінде аталып отыр. Сонымен қатар, ол тақ мұрагерлігінде бірінші орында тұр. Қазіргі таңда тақ әкесі — король Виллем-Александрдың қолында.

Хабарлануынша, Нидерландияда әскери дайындық үш жылға созылады. Бұл үдеріс негізгі жаттығуларды, теориялық курстарды және практикалық дағдыларды меңгеруді қамтиды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Нидерландия ханшайымы Амалия әскери қызметін бастады (фото)