Түркияда өзбекстандық келін 5 млн лиралық алтынмен жоғалып кетті

Түркияның Мугла уәлаяты Милас ауданында дүркіретіп өткен тойдан кейін ерекше дау туындады. Үш күн, үш түнге созылған тойдан кейін келінге тағылған құны 4–5 миллион лираға бағаланған алтын мен әшекей бұйымдардың жоғалғаны айтылуда.
Күйеу жігіттің туыстары келін мен алтындардың жоқтығын байқаған соң, құқық қорғау органдарына жүгінген. Тергеу аясында Өзбекстан азаматы болып табылатын келін ұсталды, бірақ ол өзін кінәлі деп санамайтынын мәлімдеді.
Келіннің айтуынша, ол анасының үйіне кеткен және өзімен бірге тек 20 дана ширек алтын мен 226 мың лира ғана алған. Оның тұрғылықты жерінде тінту жүргізілгеніне қарамастан, жоғалды делінген басқа да қымбат бұйымдар табылмады.
Әзірге құны 4–5 миллион лираға бағаланған алтын мен әшекейлердің қайда екені белгісіз. Оқиғаға қатысты тергеу жұмыстары жалғасуда.



















Пікірлер 0
…