Фарғанада ерекше көрініс: жолға жүздеген тірі балық шашылды

Фарғанада ерекше көрініс: жолға жүздеген тірі балық шашылды

Фарғана қаласының Киргули ауданында ерекше жағдай орын алды. Көшеге жүздеген тірі балықтың шашылып қалғаны түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарады.

Видеодан үлкен жолдың шетіндегі су мен батпақ аралас жерде көптеген тірі балықтың секіріп жатқанын көруге болады. Олардың басым бөлігі жайын балығына ұқсайды.

Таралған кадрлардан балықтардың ақ түсті, үсті көк тентпен жабылған шағын жүк көлігімен тасымалданғаны байқалады. Белгісіз себептермен жүк көлігінің қорабындағы балықтар сумен бірге жолға төгіліп кеткен.

Әзірге балықтардың қандай жағдайда жолға төгілгені және оқиғаға не себеп болғаны туралы ресми ақпарат берілген жоқ.

Әлеуметтік желілерде тараған видео қолданушылар арасында түрлі пікірталас тудыруда.

Пікірлер 0

Байланысты жаңалықтар