70 миллион долларлық сиыр: Viatina-19 неге соншалықты қымбат?

Бір сиырдың бағасы 70 миллион долларға жетуі мүмкін бе? Бразилияда өсірілген Viatina-19 дәл осы құнмен әлемдегі ең қымбат ірі қара малдардың біріне айналды. Алайда оның бағасы етімен немесе алып денесімен емес, генетикалық әлеуетімен белгіленуде.
Оның 33 пайызы 21 миллион долларға сатылды
Жақында өткен аукционда Viatina-19-ға иелік ету құқығының 33 пайызы шамамен 21 миллион долларға сатылды.
Осы келісімнен кейін сиырдың жалпы құны шамамен 70 миллион доллар деп бағаланды.
Ең қызығы: Viatina-19 қарапайым мал ретінде емес, құнды генетикалық актив ретінде бағалануда. Viatina-19 Бразилияда өсірілген Nelore тұқымына жатады. Оның негізгі артықшылықтары:
- ыстық климатқа төзімділігі;
- ауруларға қарсы жоғары иммунитеті;
- салмағы шамамен 1100 келі;
- генетикалық ерекшеліктерін ұрпағына жоғары деңгейде беру қабілеті.
Мамандар Viatina-19-дың құнын, ең алдымен, асыл тұқымдылық мүмкіндіктерімен түсіндіреді. Оның генетикалық ерекшеліктерін пайдалану эмбрион өсіру және селекция салаларында үлкен табыс әкелуі мүмкін.




















Пікірлер 0
…