АҚШ-тың Аляска штатында орналасқан Катмай ұлттық қорығында мекендейтін Чанк атты қоңыр аю елдегі ең семіз аю ретінде танылды. Бұл туралы People басылымы хабарлады.
Жеңімпаз 23-30 сентябрь күндері өткен "Семіз аю апталығы" байқауы аясында анықталды. Жыл сайын Аляскада ұйымдастырылатын бұл ерекше жарыс қысқы ұйқыға кетер алдында қоңыр аюлардың дене салмағын бағалауға бағытталған. Қарапайым жағдайда еркек аюдың салмағы жазда 320-400 келі болса, күзде бұл көрсеткіш шамамен 550 келіге жетеді.
Биылғы байқауға 11 аю қатысты. Жеңімпаз интернет арқылы дауыс беру арқылы таңдалды. Чанк 96 362 дауыс жинап, 63 729 дауыс жинаған басты қарсыласы - 856 нөмірлі аюды артта қалдырды.
Мәліметтерге қарағанда, Чанк 2025 жылы Катмайға сол жақ жақ сүйегінен жарақат алып келген. Дегенмен, ол көп ұзамай негізгі қорек көзі - қызыл уылдырықты аулап жеуге бейімделді.