date

Филиппинде жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 72-ге жетті

Филиппинде жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 72-ге жетті

Филиппиннің Себу провинциясында болған күшті жер сілкінісінің салдарынан қаза тапқандар саны 72-ге жетті. Бұған дейін 69 адамның қаза болғаны хабарланған еді. Сондай-ақ 294 адамның түрлі дәрежеде жарақат алғаны айтылды.

GMA News таратқан мәліметке сәйкес, Төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын азайту ұлттық кеңесінің дерегінше, жер сілкінісінен 170 мыңнан астам адам зардап шеккен, шамамен 20 мың адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған.

Жергілікті биліктің айтуынша, қатты дүмпулер кейбір ғимараттардың қирауына әкелген.

Айта кетсек, сейсенбі күні жергілікті уақытпен 21:59-да магнитудасы 6,9 болатын жер сілкінісі тіркелген. Кейінірек магнитудасы 1-ден 5-ке дейінгі 2300-ден астам жер асты дүмпулері анықталған. Филиппин вулканология және сейсмология институтының мәліметінше, жер сілкінісінің эпицентрі Бого қаласынан шамамен 20 км солтүстік-шығыста, жер астында 5 км тереңдікте орналасқан.

Себу провинциясында төтенше жағдай жарияланды. Ең көп қаза болғандар халқы 90 мың болатын Бого қаласында, сондай-ақ Сан-Ремихио және Меделлин муниципалитеттерінде тіркелді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Филиппинде жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 72-ге жетті