date

2025 жылғы медицина Нобелі АҚШ пен Жапония ғалымдарына бұйырды

2025 жылғы медицина Нобелі АҚШ пен Жапония ғалымдарына бұйырды

2025 жылы медицина саласындағы Нобель сыйлығының лауреаттары жарияланды, деп хабарлады Nobelprize.org сайты. Биылғы сыйлық перифериялық иммундық төзімділік бойынша ашқан жаңалықтары үшін АҚШ-тан Мэри Брунков пен Фред Рамсделлге және Жапониядан Шимон Сакакучиге берілді.

Ғалымдардың жұмыстары адамның иммундық жүйесі "өзінікін" "бөтеннен" қалай ажырататынын түсінуге көмектесті. Бұл аутоиммундық аурулардың дамуына қарсы тиімді шаралар қабылдауға жол ашты.

Ашылымдар иммундық жүйенің бұзылуымен байланысты ауруларды емдеуде жаңа мүмкіндіктер туғызып, медицина саласында маңызды ғылыми негіз болып қызмет етуде.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » 2025 жылғы медицина Нобелі АҚШ пен Жапония ғалымдарына бұйырды