date

Тегеранда "Әулие Мәриям" атауымен жаңа метро станциясы іске қосылады

Тегеранда "Әулие Мәриям" атауымен жаңа метро станциясы іске қосылады

Жақын күндері Иран астанасы Тегеранда "Әулие Мәриям" атты жаңа метро бекетінің іске қосылуы жоспарлануда. Бұл туралы "РИА Новости" тілшісі хабарлады.

Жаңа станция, ресми атауы "Maryam-e Mogaddas," қаланың орталығындағы Нежотоллахи көшесінде орналасқан, ол жердегі Әулие Саркис Армян апостолдық шіркеуінің жанында салынған. Бұл аялдама Иран аумағында "Бибі Мәриям" деген атпен танымал болған Иса пайғамбардың анасының құрметіне арналған.

Иран Ислам Республикасының үкіметі станцияның атауы мен ішкі дизайны арқылы елдегі христиан азшылыққа құрмет көрсетілгенін атап өтті. Жоба авторы, дизайнер Таня Таригмехрдың айтуынша, аялдама қабырғаларына Бибі Мәриямның өмірі мен христиан дініндегі қасиетті көзқарастарды бейнелейтін 7 тақырыптық панель орнатылған.

Метроның кіреберісінде Құранның "Мәриям" сүресінің 6 аяты жазылған, бұл да ислам мен христиандық арасындағы төзімділікті білдіретіні айтылады.

Желі қолданушылары бұл станцияның ашылуын түрлі дін өкілдері арасындағы мәдени диалог пен өзара сыйластықтың символы ретінде бағалап отыр.

Ақпаратқа қарағанда, бекетте құрылыс және безендіру жұмыстары толық аяқталып, қазір ресми ашылу салтанатына дайындық жүріп жатыр. Жақын күндері станция жолаушыларды қабылдай бастайды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Тегеранда "Әулие Мәриям" атауымен жаңа метро станциясы іске қосылады