date

Ыстамбұл маңында алты қабатты ғимарат қирады

Ыстамбұл маңында алты қабатты ғимарат қирады

Ыстамбұлдан шамамен 60 шақырым қашықтықта орналасқан Гебзе қаласында алты қабатты тұрғын үй кенеттен құлады.

НТВ телеарнасының мәліметінше, қаза тапқандар мен жарақат алғандар туралы әзірге ресми ақпарат жоқ.

Белгілі болғандай, апат болған аумақта метро желісінің құрылысы жүріп жатқан.

A-хабердің жазуынша, қирандылар астында кем дегенде алты адам қалуы мүмкін деп болжанып отыр.

Құтқару жасақтары қазір зардап шеккендерді іздестіру және оларды қауіпсіз аймаққа жеткізу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Ыстамбұл маңында алты қабатты ғимарат қирады