date

Австралиядағы қанды шабуыл алдында барлау ескерткен бе

Австралиядағы қанды шабуыл алдында барлау қызметі ескертті ме?

Израильдің “Моссад” барлау қызметі Австралиядағы яһуди қауымына қарсы болуы мүмкін ықтимал шабуыл туралы австралиялық әріптестерін алдын ала ескерткені хабарланды. Бұл туралы “Кан” телеарнасы өз ақпарат көздеріне сілтеме жасап мәлімдеді.

Белгілі болғандай, Австралия қауіпсіздік құрылымдарына террорлық акт қаупі туралы бірнеше мәрте сигналдар келіп түскен. Алайда ресми Канберра бұл ақпараттарды ашық мойындамауда. Атап айтқанда, Жаңа Оңтүстік Уэльс штатының полиция басшысы Мел Леннон Израильден мұндай барлау ақпараты берілмегенін атап өтті.

Оның айтуынша, егер де полицияда нақты әрі сенімді барлау ақпараты болғанда, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ауқымды шаралар қолданылатын еді. “Мұндай қауіп туралы алдын ала ақпарат болған жағдайда, біз мүлде басқа деңгейде әрекет етер едік”, — деді Леннон.

Сондай-ақ, жексенбі күні Сидней қаласы маңындағы әйгілі Бондай-бич жағажайында орын алған қанды оқиға көпшілікті дүр сілкіндірді. Екі адамның жасаған атыс салдарынан 12 адам қаза тауып, 29 тұрғын әртүрлі дәрежеде жарақат алды.

Шабуылшылардың бірі оқиға орнында жойылса, екіншісі тірідей қолға түскен. Ең өкініштісі, бұл трагедия дәл сол жағажайда яһудилердің Ханукка мейрамын атап өтіп жатқан сәтінде орын алғаны хабарлануда.

Қазіргі уақытта Австралияда қауіпсіздік шаралары күшейтілді, оқиғаның барлық қырлары мұқият зерттелуде. Барлау қызметінің ескертулері шынымен болған ба, әлде жоқ па — бұл сұрақ әлі де жауапсыз қалып отыр.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Австралиядағы қанды шабуыл алдында барлау ескерткен бе