date

Трамп Гренландия мәселесінде баж салығынан бас тартты

Трамп Гренландия мәселесінде баж салығынан бас тартты

АҚШ президенті Дональд Трамп Гренландия төңірегіндегі жағдайға байланысты Еуропа елдеріне қатысты сауда баждарын енгізу жоспарын тоқтатты. Бұл шешім Давос қаласында өткен Дүниежүзілік экономикалық форум аясында НАТО бас хатшысы Марк Рюттемен өткен кездесуден кейін қабылданды.

Трамптың айтуынша, тараптар Гренландия мен бүкіл Арктика аймағына қатысты болашақ ынтымақтастық бойынша ортақ көзқарас пен келісім негіздерін қалыптастыруға қол жеткізді.

"Егер бұл шешім өмірге енгізілсе, ол Америка Құрама Штаттары мен НАТО-ға мүше барлық елдер үшін өте оң нәтиже береді. Сондықтан 1 февральдан бастап күшіне енуі жоспарланған тарифтерді енгізбеймін," - деді АҚШ басшысы.

Еске сала кетейік, бұған дейін Дональд Трамп ақпан айынан бастап Дания, Ұлыбритания, Норвегия, Швеция, Франция, Германия, Нидерланды және Финляндиядан АҚШ-қа әкелінетін барлық өнімдерге 10 пайыздық сауда бажы енгізілуі мүмкін екенін мәлімдеген еді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Трамп Гренландия мәселесінде баж салығынан бас тартты