date

Римде Треви фонтанына кіру енді ақылы болады

Римде Треви фонтанына кіру енді ақылы болады

БАҚ мәліметінше, Италия астанасы Римде орналасқан әйгілі Треви фонтанына жақындап, оған монета тастау үшін енді арнайы төлем енгізілген.

Туристер субұрқақ аумағына күн сайын сағат 09:00 мен 22:00 аралығында кіру үшін екі еуро төлеуі керек болады. Бес жасқа дейінгі балалар, мүгедектігі бар адамдар және Рим қаласында тұратын азаматтар бұл төлемнен босатылған. Сондай-ақ кешкі және таңғы уақытта субұрқаққа тегін кіру мүмкіндігі сақталады.

Қала әкімшілігінің есептеуінше, билет сатылымынан жыл бойы 6,5 миллион еуродан 20 миллион еуроға дейін табыс түсуі мүмкін. Бұл қаражатты фонтанды күтіп-ұстауға, техникалық қызмет көрсетуге және қызметкерлердің жалақысын өтеуге бағыттау жоспарлануда.

Айта кетейік, туристердің субұрқаққа тастайтын теңгелері бұрынғыдай аз қамтылған халыққа көмек көрсететін Caritas di Roma қайырымдылық ұйымына аударылады. Треви фонтанынан жыл сайын орта есеппен 1,5 миллион еуро көлемінде монета жиналады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Римде Треви фонтанына кіру енді ақылы болады