date

Осакада 20 жастағы жігіт үш жасөспірімге шабуыл жасады

Осакада 20 жастағы жігіт үш жасөспірімге шабуыл жасады

Жапонияда 20 жастағы жігіт үш жасөспірімді пышақпен жарақаттады. Жәбірленушілердің бірі алған ауыр жарақат салдарынан қайтыс болды.

Бұл туралы жергілікті полицияға сілтеме жасап, Kyodo News хабарлады.

Мәліметтерге қарағанда, оқиға Осака қаласының орталығында орналасқан танымал туристік аймақ - Дотонбори ауданында болған. Шабуыл жасаған адам мен жәбірленуші жасөспірімдер бір-бірімен таныс болып шықты.

Бастапқыда олардың арасында ауызша дау туындаған, содан кейін жанжал қолма-қол төбелеске ұласқан. Осы кезде күдікті пышақ қолданып, үш жасөспірімді жарақаттаған.

Нәтижесінде барлық зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді, бірақ олардың біреуінің өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.

Басылымның мәліметінше, оқиғадан кейін қашып кеткен шамамен 20 жастағы адам Нара префектурасының полициясы тарапынан ұсталған.

Қазіргі уақытта бұл жағдай бойынша тергеу амалдары жалғасуда.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Осакада 20 жастағы жігіт үш жасөспірімге шабуыл жасады