240 кг әйелді 7-қабаттан кранмен түсірді (видео)

Түркияда ерекше құтқару операциясы жүзеге асырылды. Салмағы 240 келі болатын 27 жастағы сириялық әйел - Айши Маздың жағдайы күрт нашарлағанына байланысты жедел жәрдем шақырылды.
Белгілі болғандай, науқастың аяқтары сезімталдықты жоғалтып, өздігінен қозғала алмай қалған. Сондықтан оны қарапайым жолмен түсіру мүмкін болмады.
Жағдайды шешу үшін құтқарушылар арнайы шаралар қабылдауға мәжбүр болды: пәтердің терезесі алынып, әйел 7-қабаттан кран көмегімен абайлап түсірілді.
Осыдан кейін ол дереу ауруханаға жеткізіліп, емделуге жатқызылғаны хабарланды. Бұл жағдай әлеуметтік желілерде де кеңінен талқылануда.