Үндістанда бір күндік ұлттық аза тұту жарияланды

Үндістан үкіметі Катар әмірінің әкесі, елдің бұрынғы басшысы шейх Хамад бин Халифа Әл Сәнидің қайтыс болуына байланысты 13 шілде күнін бір күндік ұлттық аза тұту күні деп жариялады.
Бұл туралы TASS хабарлады.
Ресми шешімге сәйкес, аза тұту күні елдегі барлық мемлекеттік ғимараттарда Үндістан туы тұғырдың жартысына дейін түсіріледі. Сондай-ақ осы күнге жоспарланған барлық ресми ойын-сауық іс-шаралары тоқтатылды.
Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди көңіл айтып, марқұмды Үндістанның жақын досы әрі көреген көшбасшысы деп бағалады. Ол шейх Хамад бин Халифа Әл Сәнидің өңірдің дамуы мен екі ел арасындағы қатынастарды нығайтуға қосқан үлесін ерекше атап өтті.
Бұған дейін Катар әмірінің кеңсесі шейх Хамад бин Халифа Әл Сәнидің 74 жасында қайтыс болғанын хабарлаған еді. Ол 1995–2013 жылдары Катарды басқарды, ал 2013 жылғы маусымда билікті өз еркімен ұлына — қазіргі әмір шейх Тамим бин Хамад Әл Сәниге тапсырды. Осыдан кейін оған ресми түрде «Әмірдің әкесі» атағы берілді.



















Пікірлер 0
…