date

Дубай компаниясы ағынды судан сабын шығарады

Дубай компаниясы ағынды судан сабын шығарады

Дубайда орналасқан Envirol компаниясы Өзбекстанда 50 миллион долларлық экологиялық жобаны жүзеге асырады.

Жоба аясында қоғамдық тамақтану орындарында ағынды судағы майларды тазарту үшін арнайы сүзгілер орнатылады. Бұл жүйенің көмегімен қалдық майлар бөлініп, шаруашылық сабыны мен биоотын сияқты өнімдерге айналады.

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық министрі Шерзод Хидоятовтың айтуынша, Envirol компаниясы бұл жобаға инвестор ретінде кірісіп жатыр. Қазіргі уақытта артық май ағынды су инфрақұрылымына зиян келтіріп жатса, жаңа технология бұл мәселені шешуге көмектеседі.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, ағынды судың әр литрінде 1 миллиграмнан артық май болмауы керек. Бірақ сүзгілер болмағандықтан бұл талап орындалмады. 2026 жылдың 1 июлінен бастап тек фильтр орнатылған асханалар су жүйесіне қосыла алады.

Ақпарат үшін, Envirol 2006 жылы Дубайда құрылған және қазір тәулігіне 500 мың литрден астам қалдық майды қайта өңдейді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Экономика » Дубай компаниясы ағынды судан сабын шығарады