date

Ресей Орталық Азияға газ жеткізуді 15 пайызға арттырды

Ресей Орталық Азияға газ жеткізуді 15 пайызға арттырды

Ресей 2025 жылы Өзбекстан, Қазақстан және Қырғызстанға газ жеткізу көлемін өткен жылмен салыстырғанда 15%-ға арттырды, деп мәлімдеді "Газпром" басшысы Алексей Миллер Петербургтегі халықаралық газ форумында.

Оның айтуынша, Орталық Азияда экономикалық өсу қарқыны артып келеді және ол алдағы 5-6 жылда 60 пайызға жетуі мүмкін.

Бұл, әрине, энергияны, әсіресе газды тұтынудың өсуіне себеп болады.

Миллердің айтуынша, бұл қажеттіліктерді жабуда "Сибирь қуаты-2" газ құбыры басты рөл атқарады.

Ол бұл жобаны "аймаққа газ жеткізудегі жаңа кезең және жаңа серпін" деп бағалады.

Құбыр тек Орталық Азия үшін ғана емес, сондай-ақ Жаһандық Оңтүстік елдері үшін де маңызды болатыны айтылды.

Қазіргі уақытта "Газпром" аймақтағы газ инфрақұрылымын кеңейту және ұзақ мерзімді жеткізу келісімшарттары бойынша жұмыс істеп жатыр.

Бұл үрдіс Орталық Азияның стратегиялық маңыздылығын одан әрі арттыруға қызмет етуі мүмкін.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Экономика » Ресей Орталық Азияға газ жеткізуді 15 пайызға арттырды