date

"Жасыл энергия" миллиондаған үйді қамтамасыз етеді

"Жасыл энергия" миллиондаған үйді қамтамасыз етеді

22 октябрь сағат 19:00-дегі жағдай бойынша Өзбекстанда жыл басынан бері күн және жел электр станциялары 9 миллиард киловатт/сағат электр энергиясын өндірді.

Энергетика министрлігінің мәліметінше, бүгінде елімізде жалпы қуаты 4 682 мегаватт болатын 12 күн фотоэлектр станциясы мен 5 жел электр станциясы жұмыс істейді. Бұл "жасыл" көздер есебінен 2 миллиард 730 миллион текше метр табиғи газ үнемделіп, 4 миллион тонна зиянды заттардың атмосфераға шығуының алдын алды деген сөз.

Ағымдағы жылдың басынан 22 октябріне дейін барлық гидро, жел және күн станциялары арқылы өндірілген энергия көлемі 14,52 миллиард кВт/сағатты құрады. Бұл елдің жалпы электр генерациясының 23 пайызын "жасыл энергия" құрайтынын білдіреді. Бұл көлем 7,5 миллион үйдің 10 айлық немесе 6 миллион үйдің бір жылдық қажеттілігіне тең.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Экономика » "Жасыл энергия" миллиондаған үйді қамтамасыз етеді