date

Қай облыста ең көп картоп өсірілді?

Қай облыста ең көп картоп өсірілді?

Ұлттық статистика комитеті 2025 жылдың январь-сентябрь айларындағы картоп өсіру көрсеткішін жариялады. Мәліметтерге қарағанда, Самарқант облысы еліміз бойынша картоп өсіруде айқын көшбасшыға айналды.

Есептік кезеңде республиканың барлық санаттағы шаруашылықтары 3,1 миллион тоннаға жуық картоп өсірді. Бұл көрсеткіш елдің ауыл шаруашылығындағы маңызды нәтижелердің бірі ретінде атап өтілді.

Өңірлер бөлінісінде ең көп картоп өсірілген облыстар төмендегідей:

- Самарқант облысы - 631 922 тонна

- Ташкент облысы - 320 053 тонна

- Ферғана облысы - 317 426 тонна

- Сұрхандария облысы - 316 052 тонна

- Әндіжан облысы - 306 060 тонна

Сондай-ақ, Наманган облысында 298 992 тонна, Бұхара облысында 278 682 тонна, Қашқадарияда 168 317 тонна, Хорезмде 140 672 тонна, Науаида 83 552 тонна картоп өсірілді.

Ең төменгі көрсеткіш Ташкент қаласына тиесілі - барлығы 429 тонна.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Экономика » Қай облыста ең көп картоп өсірілді?