date

Алтын бағасы тарихи рекорд жаңартты: унциясы 4 400 АҚШ долларынан асты

Алтын бағасы тарихи шың: унциясы 4 400 доллардан асты

Әлемдік нарықтарда алтын бағасы тағы да тарихи рекордты жаңартты. Comex сауда алаңының мәліметінше, бағалы металдың бағасы бір троялық унциясы үшін 4 400 АҚШ доллары шегінен асып түсті.

18 желтоқсан кешінде алтын бағасы 0,92 пайызға өсіп, бір троялық унциясы үшін 4 401,9 АҚШ долларын құрады. Қысқа уақыт ішінде өсім қарқыны қайта үдеп, баға 4 407,5 АҚШ долларына дейін көтерілді. Бұл жағдай инвесторлардың үлкен қызығушылығын тудыруда.

Айта кету керек, қазан айының басында Нью-Йорктің тауар биржасында алтын алғаш рет троялық унциясы үшін 4 000 АҚШ долларлық деңгейден өткен болатын. 15 қазан күні желтоқсан айына жоспарланған алтын фьючерстері тағы да қымбаттап, 31 граммдық унция 4 200 АҚШ долларынан асып кеткен еді.

Сарапшылар алтын бағасының мұндай тұрақты өсуін геосаяси тұрақсыздық, инфляция қаупі және инвесторлардың қауіпсіз активтерге деген сұранысының артуымен түсіндіруде. Осы факторлар сақталып қалса, жақын болашақта алтын бағасының жаңа рекордтарға жетуі мүмкін деген болжам жасалуда.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Экономика » Алтын бағасы тарихи рекорд жаңартты: унциясы 4 400 АҚШ долларынан асты