«Джуманджи» фильмінің актері Джеймс Хэнди өлтірілді

«Джуманджи», «Топ Ган: Маверик» және «Тапс» фильмдеріндегі рөлдері арқылы танымал америкалық актер Джеймс Хэнди Лос-Анджелесте жасалған шабуыл салдарынан қайтыс болды. Бұл туралы «New York Post» басылымы хабарлады.
Актердің Лос-Анджелестің Тарзана ауданында пышақпен жарақат алғаны хабарланды. Полиция мәліметтеріне сәйкес, құқық қорғау органдарының қызметкерлері биыл 3 маусымда таңертең дабылды қоңыраудан кейін үйлердің біріне жеткен.
Оқиға орнында олар кеуде тұсынан бірнеше пышақ жарақатын алған және ессіз жатқан 81 жастағы актерді анықтады. Джеймс Хэнди ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.
Көп ұзамай 44 жастағы Майкл Гледхилл полиция қызметкерлерінің алдына келіп, ізделіп жатқан тұлғаның өзі екенін мәлімдеді. Кейіннен ол кісі өлтіру күдігімен ұсталды.
Полицияның хабарлауынша, Гледхилл актердің досының ұлы болып табылады және оқиға кезінде анасымен бірге тұрған. Шабуылдың нақты себептері әзірге белгісіз.
Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты кісі өлтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот тарапынан кепілдік ақша мөлшері 2 миллион доллар деп белгіленді.



















Пікірлер 0
…