Миршакар Файзуллоев «Шұхрат» медалін алған алғашқы стендап-комик атанды

Стендап-комик Миршакар Файзуллоев «Шұхрат» медалімен марапатталды. Ол Мемлекет басшысының мәдениет, өнер және әдебиет саласы өкілдерін марапаттау туралы жарлығына сәйкес осы құрметке ие болды.
Шығармашылық тұлғаның айтуынша, ол бұл қуанышты жаңалықты естіген кезде отбасының ортасында болған. Алғашында оны немен құттықтап жатқанын түсінбеген, кейін оған жарлықтың скриншоттарын жіберген.
«Хабарым да болмады. Бәрі құттықтай бастады. Кейін өзім де қатты қуандым», — дейді Миршакар Файзуллоев.

Оның ата-анасы да бұл жаңалықтан қуанды. Өнер иесінің сөзінше, бұл олардың отбасындағы екінші «Шұхрат» медалі, бұрын мұндай марапат оның әкесіне берілген.



















Пікірлер 0
…