Әли Отажонов жұбайымен түскен суретін жариялады


Әнші Әли Отажонов осы уақытқа дейін жұбайымен бірге түскен суреттерде оның бетін жасырып келген еді. Ол бұл дәстүрге нүкте қойды деп жазады «Qalampir» сайты. Әртіс бүгін Instagram парақшасына жұбайымен түскен суретін жариялап, оны туған күнімен құттықтады.
«Өміріңдегі және қиялыңдағы адам бір болса, дүниедегі ең бақытты адамдардансың. Сен менің бақытымсың! Сені Алла үшін сүйемін. Туған күнің құтты болсын», деп жазады Отажонов.
Әлеуметтік желі қолданушылары мен өзбек шоу-бизнесінің танымал өкілдері пікір қалдырып, Әли мен Гауһардың бір-біріне жарасатынын атап өтіп, жұпқа бақыт тілеуде.




















Пікірлер 0
…