date

Сізге құрмет, қымбатты ұстаздар

Сізге құрмет, ардақты ұстаздар

Әрбір адамның өмір жолы бір кітапқа ұқсайды. Біреулер оны жай ғана парақтай салады, енді біреулер болса оны алтын әріптермен жазып қалдырады. Прокуратура мен бюро органдарында жылдар бойы адалдықпен және жанқиярлықпен қызмет еткен Таңрыберген Шарифовтың өмірі де дәл осындай өнегелі беттерден тұрады.

Бүгін ол еңбек ардагері ретінде ел назарында, шәкірттердің құрметінде “1 қазан Мұғалімдер мен тәлімгерлер күні” қарсаңында бүгін Таңрыберген Шарифовтың шаңырағы бұрынғыдан да көңілді.

Бұл күн шәкірттер үшін ұстазды құттықтау ғана емес, оған деген құрмет пен ризашылықты білдіру, жылдар бойы берілген сабақтарға құрмет көрсету мүмкіндігі де болып табылады. Сондықтан олар қолында шын жүректен берілген сыйлықтар, жүрегінде ұстазға арналған жылы тілектермен шаңыраққа келді.

Берекелі дастарқан басында шынайы әңгіме. Әпке-сіңлілер, аға-інілер, отбасы мүшелері және шәкірттер бір дастархан басына жиналды. Әңгіме барысында қызмет жылдары, қиын жағдайларда табылған шешімдер, ұстаздың табандылығына байланысты көптеген оқиғалар еске алынды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Қоғам » Сізге құрмет, қымбатты ұстаздар