date

Заңсыз іргетастар бұзылды

Заңсыз іргетастар бұзылды

Кез келген ғимарат пен алаңда құрылыс жүргізу және оны пайдалану үшін арнайы ұйымдардың рұқсатын алу қажет. Өзібілмеген түрде салынған ғимарат болашақта сот арқылы заңсыз деп танылып, бұзылуы мүмкін.

Азаматтық істер бойынша Избоскен ауданаралық сотының орындау қағазына сәйкес Пахтаабад ауданы, Шомат махалласындағы тұрғын үйдің дәліз бөлігінде салынған 24,48 шаршы метр іргетас пен 40Х40 көлемдегі 3 баған жауапкер есебінен бұзылуы белгіленген.

Міндетті орындау бюросы Пахтаабад аудандық бөлімі осы орындау қағазының орындалуын қамтамасыз ету, заңсыз иеленген жер учаскесін өз иесіне қайтару мақсатында міндетті орындау әрекеттерін жүргізді.

Міндетті орындау әрекеттері барысында заңсыз тұрғызылып жатқан іргетас бұзылып, жер учаскесі заңды иесінің иелігіне қайтарылды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Қоғам » Заңсыз іргетастар бұзылды