date

Ташкент пен Сурхандарияда екі адвокат парамен ұсталды

Ташкент пен Сурхандарияда екі адвокат парамен ұсталды

Ташкент қаласындағы адвокаттық фирма өкілі пара алып жатқан сәтінде қолға түсті. Мәліметтерге қарағанда, ол Ташкент облысы Пискент ауданында тұратын, 1989 жылы туған азаматқа қатысты тергеу жүргізіліп жатқан қылмыстық іс бойынша көмек беруге уәде еткен.

Адвокат сот жүйесіндегі таныстары арқылы істі оң шешуге және бұлтартпау шарасын жеңілдетуге болатынын айтқан. Осы «қызметі» үшін ол 3700 АҚШ долларын алған кезде Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі мен Бас прокуратура жанындағы Департамент қызметкерлері айғақ заттармен бірге ұстаған.

Қазіргі уақытта бұл адамға қатысты Қылмыстық кодекстің 168-бабы 3-бөлігі «а» тармағы және 28, 211-баптары бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Сонымен қатар, осындай жағдай Сурхандария облысында да тіркелді.

Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі мен облыстық прокуратура қызметкерлерінің бірлескен жедел іс-шарасы кезінде Денов ауданында жұмыс істейтін адвокаттық фирма өкілі азаматтан заңсыз 60 миллион сом алған сәтінде айғақ заттармен ұсталды.

Белгілі болғандай, ол сот жүйесіндегі таныстары арқылы Денов аудандық сотында қаралып жатқан қылмыстық іс бойынша айыпталушыға жеңіл жаза тағайындалуына көмектесуге уәде берген.

Қазір бұл адвокатқа қатысты Қылмыстық кодекстің 168-бабы 3-бөлігі «в» тармағы және 28, 211-баптары бойынша іс қозғалып, оған «қамау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Тергеу амалдары жалғасуда.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Қоғам » Ташкент пен Сурхандарияда екі адвокат парамен ұсталды