date

Навоийда спорт мектебінің басшылығы пара талап еткен


Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Нұратау облысында спорт мектебінің басшылығының жемқорлық әрекеттері әшкереленді. ҰҚҚ мен Бас прокуратура жанындағы департамент қызметкерлері өткізген жедел шара барысында Нұратау облысындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры мен бас бухгалтердің заңбұзушылықтары анықталған.

Белгілі болғандай, олар мектеп жаттықтырушыларынан іссапарға барулары үшін бөлінген жол шығындарының белгілі бір бөлігін қайтаруды талап еткен. Нәтижесінде, ағымдағы жылдың наурыз және мамыр айларында Ташкент облысында өткен жарыстар үшін жеңіл атлетика командасы жаттықтырушысынан барлығы 40 миллион 722 мың сом жол шығындарынан 16 миллион сомды пара ретінде талап еткен.

Жаттықтырушы жарысқа 8 спортшыны апарған болатын. Бұл схеманы жүзеге асыру барысында бас бухгалтер жаттықтырушыға банк картасы арқылы 10 миллион сом аударып, одан 3 миллион сомды қолма-қол ақшамен қайтарып алған.

Аталмыш қылмыстық әрекет толық әшкереленді. Осы жағдай бойынша Өзбекстан Республикасы Қылмыстық кодексінің «Пара алу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Бұл бап бойынша кінәлілерді 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Қоғам » Навоийда спорт мектебінің басшылығы пара талап еткен