date

Ішкі істер қызметкерлері қаржылық пирамидада тексерілуде

Ішкі істер қызметкерлері қаржылық пирамидада тексерілуде
Қазақстан Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі ресми мәлімет берді. Жақында әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында «ХСМ» деп аталатын жаңа қаржылық пирамида туралы хабарлар тарады.

Кейбір мәліметтерге қарағанда, бұл пирамида алғаш рет 2024 жылдың ортасында Австралияда басталған. Алайда белгілі болғандай, еліміз аумағында бұл қаржылық пирамиданы ішкі істер органдарының қызметкерлері сенімді жоба ретінде насихаттаған.

Осыған байланысты Ішкі істер министрлігі осы жағдай бойынша қызметкерлердің аталмыш платформаны насихаттауға қатысуын тексеру үшін қызметтік тексеріс бастады. Сондай-ақ, заңсыз түрде қаражат тарту және азаматтар мен ұйымдарға материалдық залал келтіру жағдайларына байланысты тергеу әрекеттері жүргізілетіні белгіленді.

Қазіргі уақытта тексеру жұмыстары жалғасуда.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Қоғам » Ішкі істер қызметкерлері қаржылық пирамидада тексерілуде