date

Салық және банк қарызын уақытында төлеңіз!

Салық пен банк қарызын уақытында төлеңіз!

Жаңақорған ауданында Міндетті орындау бюросының қызметкерлері қарызды өндіріп алу бойынша қатаң шаралар қабылдауда.

Аудандағы бір ЖШС салықты уақытында төлемей, қарызды «ертең төлейміз» деп созып жүрді. Нәтижесінде — қарыз мөлшері 70 миллион теңгеге жетіп, қоғамға тиесілі ғимаратқа тыйым салынды.

Сондай-ақ, Р.Б. есімді азаматтың банк қарызын уақытында төлемеуіне байланысты оның Lacetti көлігі де тыйымға алынды.

Бұдан бөлек, бау-бақша бағытындағы 4 шаруа қожалығының бақ алаңдары да салық қарызы есебінен тыйымға қойылды.

Салық пен банк қарызын уақытында төлеу тек жауапкершіліктен құтқарады деп қана қоймай, бизнесіңіздің тұрақты дамуына да сеп болады.

Осы орайда ескерте кеткіміз келеді: төлемді кешіктірмеңіз — шектеу шарасына жеткізбеңіз!

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Қоғам » Салық және банк қарызын уақытында төлеңіз!