date

Өзбектер өздерінің жетінші буынын көру мүмкіндігіне ие болады

Өзбектер өздерінің жетінші буынын көру мүмкіндігіне ие болады

Өзбекстанда азаматтар өздерінің ата-тек шежіресін одан да терең зерттей алатын болады. Президент Шавкат Мирзиёев қатысқан жиында «Шажара» деп аталатын жаңа ақпараттық жүйені іске қосу туралы ұсыныс айтылды, деп хабарлады zamin.uz.

Таныстырылымда айтылғандай, жаңа платформа пайдаланушыларға өз шежіресін құруға, туу, неке және өлім туралы мәліметтерді көруге, сондай-ақ генетикалық ақпарат негізінде алыс туыстарын табуға мүмкіндік береді.

Жиында архив жүйесіндегі мәселелер мен модернизация қажеттілігі де талқыланды. Ел архивтерінде 16 миллионға жуық құжат сақталатыны, олардың 1,3 миллионы құнды және сирек материалдар екені айтылды. Бұхара әмірінің қушбегі мекемесіне және Хива хандығының кеңсе құжаттарына қатысты материалдардың ЮНЕСКО-ның «Дүниежүзілік жады» тізіміне енгені атап өтілді.

Сонымен бірге, құжаттарды цифрландыру қарқыны өте төмен — жылына бар болғаны 2 пайыз шамасында. 2030 жылға дейін архив қорының кемінде 60 пайызын цифрландыру және ерекше құнды құжаттарды толық электрондық форматқа көшіру жоспарланған.

Бұған жету үшін архив ақпараттық жүйелерін Біріңғай ұлттық архив ақпараттық жүйесіне біріктіру, құжаттарды RFID технологиясы арқылы есепке алу, оларды онлайн бақылау және жасанды интеллект технологияларын пайдаланып жіктеу және тану енгізілмек. Сондай-ақ аудандық (қалалық) архивтердің міндеттері өңірлік архив басқармаларына беріледі.

Президент Мирзиёев ұсынылған жаңартуларды жүйелі түрде енгізу халық пен кәсіпкерлер үшін қолайлылықты арттырып, аталған салалардағы тиімділікті күшейту қажет екенін атап өтті.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Қоғам » Өзбектер өздерінің жетінші буынын көру мүмкіндігіне ие болады