date

Өзбекстандықтар Жапонияда құрылыс саласында жұмыс істей алады

Өзбекстандықтар Жапонияда құрылыс саласында жұмыс істей алады

Өзбекстан азаматтары енді Жапонияда құрылыс саласында жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болады. Көші-қон агенттігінің хабарлауынша, Өзбекстан азаматтары тегін оқу курстарында оқып, Жапонияның еңбек нарығына жіберіледі.

Мамыр айында Көші-қон агенттігінің басшылығы Жапонияда болып, Proud Partners компаниясымен бірлесіп жүргізушілер мен құрылыс саласындағы мамандарды даярлау туралы келісімге қол жеткізген еді. Қыркүйек айында бұл жоба Ташкентте ресми түрде ашылды.

Күні кеше В-С санатындағы жүргізуші куәлігі бар 200-ден астам үміткерге байқау өткізілді.

Құрылыс бағытында 700 үміткер үшін 15 декабрьден бастап онлайн іріктеу басталады.

Іріктеуден өткендер Ангрен қаласындағы Көші-қон агенттігіне қарасты 2-санды техникумда 6-8 айлық тегін оқу курстарына қатысады. Оларға оқу кезінде тегін жатақхана да беріледі. Курстарды сәтті аяқтағандар Жапонияның құрылыс компанияларында жұмыс істей бастайды.

Байқаудың нәтижелері мен оқу күндері 20 декабрьде жарияланады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Қоғам » Өзбекстандықтар Жапонияда құрылыс саласында жұмыс істей алады