date

Ташкентте жас жігіт банкоматты бұзбақ болды

Ташкентте жігіт банкоматты бұзбақ болды
Ташкент қаласының Чиланзар ауданында банкоматты бұзбақ болған жігіт қолға түсті. Бұл туралы Podrobno.uz хабарлайды.

Қылмысқа себеп алаяқ трейдердің арбауы болған. Жігіт қарызға алынған 10 миллион сумды күмәнді жобаға салып жіберген.

Қаражат жоғалып, қарыздары қалған соң, ол заңсыз жолмен ақша табуды ұйғарған. Ташкент қалалық Ішкі істер бас басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға түнде орын алған.

Жаныда ешкім жоқтығына көзі жеткен жігіт банкоматқа жақындап, таспен оның корпусына соққы бере бастаған. Ол ішіндегі қолма-қол ақшаға жетуге тырысқанымен, тек сыртқы қаптаманы зақымдаған.

Банкоматтың ішкі сейфі оған бой бермей, қылмыскер ештеңесіз оқиға орнынан қашып кеткен. “Мен трейдерге сеніп, ақша көбейтуге болады деп сендім.

10 миллион сум қарыз алып, бар ақшамнан айырылып қалдым. Қарыздарды төлеу үшін осындай іске бардым.

Банкоматты ашпақ болдым, бірақ ішінде үлкен сейф бар екенін көрдім. Оны аша алмайтынымды түсіндім,” — дейді қолға түскен азамат.

Банкомат сейфінде сол күні 552,4 миллион сум болған. Банкоматқа келтірілген шығын 30 миллион сумды құрады.

Аталған жағдай бойынша Қылмыстық кодекстің 169-бабы 4-бөлімі (әсіресе ірі көлемдегі ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Қазіргі кезде алғашқы тергеу шаралары жүргізілуде.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Қоғам » Ташкентте жас жігіт банкоматты бұзбақ болды