
Сот Қашқадария облысында туған, әлеуметтік желілерде «Шерхон» атымен танылған Амон Юсуповты Өзбекстан президентін қорлағаны үшін кінәлі деп танып, бас бостандығынан айырды. Бұл туралы podrobno.uz хабарлады.хабарбереді.
Сотта анықталғандай, 2023 жылғы ақпанда ол Қазақстан аумағында жүрген кезде TikTok-та тікелей эфирге шығып, мемлекет басшысы мен ел басшылығына қатысты қорлайтын пікірлер айтқан. Бейнежазба қысқа уақытта тарап, қоғамда талқылауға себеп болған.
Оқиғадан кейін Юсупов ұзақ уақыт Өзбекстаннан тыс жерде тұрған: алдымен Түркияда, кейін Әзербайжанда болған. Биылғы сәуірде ол Әзербайжан аумағында Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі қызметкерлерінің жедел іс-шаралары нәтижесінде ұсталғаны атап өтілді.
Сот отырысында Амон Юсупов кінәсін толық мойындап, көпшілік алдында кешірім сұраған және жасаған ісіне өкінетінін білдірген. Оның әрекеті Қылмыстық кодекстің 158-бабы 3-бөлігі («Өзбекстан Республикасы Президентіне қол сұғу») бойынша сараланып, 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сондай-ақ оның бұған дейін де құқықбұзушылықтар бойынша жауапкершілікке тартылғаны, алайда ол жолы жеңілірек шаралар қолданылғаны айтылды.
Human Rights Watch бұған дейін Өзбекстанда интернеттегі пікірлер, соның ішінде президент пен оның отбасы мүшелерін сынауға қатысты мәлімдемелер үшін қудалау істері көбейіп жатқанына алаңдаушылық білдірген. Ұйым дерегінше, 2024 жылы соттар осындай бірнеше істі қараған, ал сарапшылар мұны пікір білдіру еркіндігіне қатысты құқықтарға қайшы жағдай ретінде бағалаған.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.