date

Стамбулда Дурдона Хакимованың досы да дәл осылай өлтірілгені анықталды

Стамбулда Дурдона Хакимованың досы да дәл осылай өлтірілгені анықталды

Түркияның Стамбул қаласында Дурдона Хакимоваға қатысты қайғылы оқиғадан кейін із-түссіз жоғалып кеткен және 1994 жылы Наманган облысында туған Эргашалиева Сайёраның да өлтірілгені ресми түрде расталды. Бұл туралы Өзбекстанның Стамбулдағы Бас консулдығы хабарлады.

Ақпаратқа қарағанда, Сайёра Эргашалиева марқұм Дурдона Хакимованың жақын досы болған. Тергеу барысында күдіктілер Сайёра туралы түсінік беруден бас тартқан. Бірақ зерттеулер нәтижесінде екі марқұмның өлімі бір-біріне байланысты екені анықталды.

Болжам бойынша, 22 январьда Эргашалиева мен күдіктілер Стамбулдың Фатих ауданындағы мейрамханада кездескен. Ол жерде келіспеушілік туындап, марқұмның Өзбекстанға қайтуға ниет білдіргені жанжалға себеп болған. 23 январь күні күдіктілер оны пышақтап өлтіріп, денесін бөлшектеп қоқыс жәшігіне тастаған.

Келесі күні, 24 январьда олар Эргашалиеваның телефоны арқылы Дурдона Хакимованы шақырып, оны да дәл осындай қатыгездікпен өлтірген. Оның денесінің бөліктері Шишли ауданындағы қоқыс жәшігінен табылғаны хабарланды.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасуда. Күдіктілер қамауға алынып, кінәларын мойындады. Жағдай бойынша Түркияның құқық қорғау органдары мен Өзбекстанның Бас консулдығы бірлесіп жұмыс жүргізуде.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Қоғам » Стамбулда Дурдона Хакимованың досы да дәл осылай өлтірілгені анықталды