date

Ташкентте шашлыкаханаларды бақылау күшейтілді

Ташкентте шашлыкаханаларды бақылау күшейтілді

Бүгін, 19 февральдан бастап Ташкент қаласында тандыр, пеш және мангалда тағам дайындайтын қоғамдық тамақтану орындарының қызметіне бақылау күшейтілді. Бұл туралы астана әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Санитарлық және экологиялық нормалардың талаптарына сәйкес самсаханаларда, кәуапханаларда және басқа да тамақтану орындарында рейдтік іс-шаралар жүргізіліп жатқаны айтылды. Тексерулер барысында түтін шығару және сүзгілеу жүйесіз жұмыс істейтін, қоқыстарды дұрыс тазалау тәртібін жолға қоймаған, тандырлар мен мангалдарды жаяу жүргіншілер жолағына немесе тұрғын үйлерге өте жақын орналастырған бөлімшелер анықталып жатқаны айтылды.

Талаптарға сай келмейтін нысандарда кемшіліктер жойылып, қызметі заңға сәйкес жағдайға келтірілгенге дейін уақытша тоқтатылатыны айтылды.

Әкімдіктің айтуынша, заманалық түтін шығару және сүзгілеу жүйелерінің болмауы тұрғындардың денсаулығына зиян келтіруі, қала экологиясына кері әсерін тигізуі және азаматтардың наразылығын тудыруы мүмкін.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Қоғам » Ташкентте шашлыкаханаларды бақылау күшейтілді