Қатарда 11 жастағы өзбекстандық бала жол-көлік апатында қаза тапты

Қатарда болған жол-көлік апатының салдарынан Өзбекстан азаматы болған 11 жастағы бала қаза тапты. Бұл туралы «Дунё» ақпарат агенттігі хабарлады.
Мәліметтерге сәйкес, Ташкент қаласында туған 11 жастағы М.А. Қатарға сапары кезінде жол-көлік апатына ұшыраған. Апат автокөлікті басқаруды жоғалту салдарынан болғаны, ал бала басынан алған ауыр жарақаттардан оқиға орнында көз жұмғаны айтылды.
Ақпарат түскеннен кейін Өзбекстанның дипломатиялық өкілдігі Қатардың тиісті мемлекеттік органдарымен бірлесіп марқұмды жерлеу рәсімін ұйымдастыруға практикалық көмек көрсетті.
Дереккөздің хабарлауынша, аймақтағы қазіргі жағдай және көлік-логистикаға байланысты шектеулер ескерілген. Сонымен қатар отбасының келісімімен марқұмның денесі барлық ұлттық және діни дәстүрлерге сәйкес Қатарда жерленді.
Еске салайық, ақпан айының басында Нью-Йорк қаласында да 11 жастағы өзбекстандық қыз жол-көлік апаты салдарынан қаза тапқан еді. Ол жаяу жүргіншілер өткелі арқылы жолдан өтіп бара жатқан кезде мектеп автобусы қағып кеткені хабарланған.