date

Марғыланда ірі есірткі контрабандасының жолы кесілді (видео)

Марғыланда ірі есірткі контрабандасы қылмысы әшкереленді (видео)

Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері ішкі істер органдары және кеден жүйесімен бірлесіп өткізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында алдын ала бақылауға алынған тұлға қолға түсті.

Тексеру барысында Марғылан қаласында тұратын, 1973 жылы туған, бұрын есірткі қылмысы үшін сотталған азамат Қырғызстандағы сыбайластары Қорғантепа ауданы аумағында жасырып кеткен ірі мөлшердегі есірткі затын қабылдап алу кезінде айғақты заттармен ұсталғаны анықталды. Бұл жасырын орыннан барлығы 24 килограмм 475 грамм «гашиш» заты алынды.

Аталған факті бойынша оған қатысты Қылмыстық кодекстің 28, 246-бабы (контрабанда) 2-бөлігі және 25, 273-бабы (есірткі құралдарын өткізу) 5-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. Сот шешіміне сәйкес күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасуда, аталған қылмыстық схемаға қатысы бар өзге де тұлғалардың кім екені анықталып жатыр.

Сонымен қатар, жауапты органдар азаматтарды осындай құқық бұзушылық жағдайларына тап болған жағдайда Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің 1520 қысқа нөміріне дереу хабарлауға шақырды. Өтініш берушілердің жеке басының құпиялылығына кепілдік беріледі.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Қоғам » Марғыланда ірі есірткі контрабандасының жолы кесілді (видео)