date

Түнде жартылай жалаңаш жігіт жол ортасында шоу көрсетті

Түнде жартылай жалаңаш жігіт жол ортасында шоу көрсетті
Фото: Ішкі істер бас басқармасы

Ташкент қаласында түнгі уақытта ерекше әрі қауіпті оқиға орын алды. 8 мамырға қараған түні 25 жастағы жігіт астана көшелерінің бірінде жартылай жалаңаш күйде жолдың жүріс бөлігіне шығып, көлік қозғалысына елеулі кедергі келтірді.

Астаналық Ішкі істер бас басқармасының мәліметінше, оқиға сағат 02:35 шамасында Алмазар ауданындағы ТКАЙ көшесінде болған. 2001 жылы туған С.О. мас күйде болып, қоғамдық орында өзін бақылай алмай, жол ортасына шығып кеткен.

Оның қоғамда қабылданған мінез-құлық ережелерін елемей, көлік құралдарының еркін қозғалысына кедергі келтіргені атап өтілді. Нәтижесінде жүргізушілер үшін қауіпті жағдай туындады.

Аталған жайт бойынша құқық қорғау органдары жедел шаралар қолданып, жігітке қатысты Әкімшілік жауапкершілік туралы кодекстің 183-бабы, яғни ұсақ бұзақылық белгілері бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Жинақталған материалдар заңды тәртіппен қарау үшін қылмыстық істер жөніндегі аудандық сотқа жіберілді. Оқиға бойынша түпкілікті шешімді сот қабылдайды.

Мамандар мұндай жағдайлар қоғамдық тәртіпті бұзып қана қоймай, жол қозғалысы қауіпсіздігіне де елеулі қатер төндіретінін баса айтуда.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Қоғам » Түнде жартылай жалаңаш жігіт жол ортасында шоу көрсетті