85 жастағы күйеу жігіттің үйлену тойы әлеуметтік желіде қызу талқылануда

Фото: Видеодан кадр
Әлеуметтік желілерде 85 жастағы қарияның үйлену тойынан түсірілген видеолар кеңінен таралуда. Салтанатты шараның заманауи стильде — «махаббат хикаясы» (love story) форматында түсірілуі көптеген қолданушылардың назарын аударды.
Видеодан той процесінің салтанатты әрі кәсіби деңгейде түсірілгенін, ал арнайы қойылған көріністер оны одан сайын қызықты еткенін көруге болады. Ең көп талқыланған тұстардың бірі — күйеу жігіттің талғампаз киінуі мен ұқыптылығы, бұл тіпті жас жігіттердің арасында сирек кездесетін жағдай екені айтылуда.
Әлеуметтік желі қолданушылары бұл оқиғаға жылы лебіздерін білдіріп, оларға бақыт, денсаулық және ұзақ ғұмыр тілеуде. Кейбіреулер бұл жағдайды «махаббатқа жас кедергі емес» деген пікірмен түсіндіруде.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз