date

"Интер" "Кремонезе" командасын ірі есеппен жеңді (видео)

"Интер" "Кремонезе" командасын ірі есеппен жеңді (видео)

Италия А Сериясының 6-турында "Интер" мен "Кремонезе" арасында кездесу өтіп, соңында қожайындары ірі есеппен 4:1 есебімен жеңді.

Алаң иелері салған төрт голға Лаутаро, Бонни, Димарко және Барелла авторлық етті. Сондай-ақ, Бонни бұл кездесуде үш ассист авторы атанды. Қонақтардың жалғыз голын 87-минутта Бонаццоли соқты.

Осы нәтижеден кейін миландықтар 12 ұпаймен уақытша көшбасшы болып алды. Ал "Кремонезе" 9 ұпаймен 8-орында тұр. Айта кетейік, лига дебютанты биылғы маусымдағы алғашқы жеңілісін қабылдады.

А сериясы. 6-тур

Интер - Кремонезе 4:1

Голдар: Лаутаро 6, Бонни 38, Димарко 55, Барелла 57 - Бонаццоли 87.

"Интер": Зоммер, Аканджи, Де Врей, Бастони (Аугусто 61), Думфрис (Энрике 53), Фраттези, Барелла, Мхитарян (Диуф 75), Димарко, Бонни (Эспозито 61), Лаутаро (Сучич 75).

"Кремонезе": Сильвестри, Чеккерини (Файе 58), Баширотто, Бьянкетти, Флориани Муссолини (Барбиери 74), Грасси, Бондо, Васкес (Варди 58), Д. Пеццелла, Йонсен (Вандепутте 46), Санабрия (Ф. Бонаццоли 57).

Ескертулер: Сучич 84 - Д. Пеццелла 86.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » "Интер" "Кремонезе" командасын ірі есеппен жеңді (видео)