date

"Борнмут" жұлдызы: Холанд соғып жатқан голдар адам ақылына сыймайды

"Борнмут" жұлдызы: Холанд соғып жатқан голдар адам ақылына сыймайды

Англия Премьер-лигасындағы сұрмергендер жарысы барған сайын қызып барады. Бірақ «Борнмут» шабуылшысы Антуан Семеньо «Манчестер Сити» көшбасшысы Эрлинг Холандтың күшіне құрметпен қарайды және бәсекеде оны жеңу оңай еместігін мойындайды.

Футболшының айтуынша, Холанд – қазіргі заманғы шабуылшылардың ең мінсіз үлгісі.

– Холанд шын мәнінде бірінші нөмірлі сұрмерген. Оның соғып жатқан голдарын көргенде, «Мұндай нәрсе өмірде мүмкін емес» деп ойлап қаламын. Ол бойшаң, физикалық жағынан мықты, жылдам қимылдайды және гол соғуды өте жақсы біледі. Шабуылшыға қажет барлық қасиеттер оның бойында бар, – деді Антуан Семеньо.

Шынында да, норвегиялық жұлдыз бұл маусымда Премьер-лига қақпашыларына тыныштық бермей жүр. Эрлинг Холанд осы маусымда қарсылас қақпасын тоғыз рет дәл көздеп, қыркүйек айының ең үздік ойыншысы атанды.

Семеньо болса, бұл маусымда да жақсы формада — «Борнмут» сапында алты рет гол соқты.

Сарапшылардың пікірінше, Холандтың қазіргі физикалық күйі мен тәжірибесі оған Премьер-лигада тағы да сұрмерген болуға мүмкіндік береді. Алайда Семеньо сияқты шабуылшылардың күшеюі бәсекені одан сайын қызықты етеді.

Қазір ағылшын футболында жиі қойылатын бір сұрақ бар: «Холандты кім тоқтата алады?»

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » "Борнмут" жұлдызы: Холанд соғып жатқан голдар адам ақылына сыймайды