date

BMW "Реал Мадрид" футболшыларына жаңа көліктер сыйлады

BMW "Реал Мадрид" футболшыларына жаңа көліктер сыйлады

Мадридтің әйгілі "Реал" клубына ресми демеушілік көрсететін BMW компаниясы команда футболшылары мен жаттықтырушыларына кезекті автокөліктерді сыйға тартты.

Ынтымақтастық келісімшартына сәйкес, неміс автоөндірушісі жыл сайын "Реал" мүшелеріне жаңа модельдегі көліктерін сыйға тартады. Биыл ұжым өкілдеріне гибридті электр көліктері тапсырылды.

Ең танымал модель ретінде құны 135 мың еуродан басталатын BMW i7 таңдалды. Бұл автокөлік Килиан Мбаппе, Винисиус Жуниор, Арда Гюлер, Эдер Милитао, Дани Карвахаль, Антонио Рюдигер, Альваро Каррерас, Эндрик және Рауль Асенсио сияқты футболшыларға берілді. Сондай-ақ бас бапкер Хаби Алонсо да осы модельге ие болды.

Сонымен қатар, Тибо Куртуа, Джуд Беллингем, Родриго, Дин Хёйсен, Браим Диас және Ферлан Менди құны 200 мың еуроға дейінгі XM моделін таңдады.

100 мың еуро шамасында бағаланатын көліктерден Франко Мастантуано (i4 - шамамен 50 мың еуро), Трент Александр-Арнольд және Эдуардо Камавинга (iX - шамамен 80 мың еуро), сондай-ақ Гансало Гарсия (i5 - шамамен 70 мың еуро) өз таңдауын жасады.

Қақпашы Андрей Лунин құны 160 мың еуродан асатын M5 моделін таңдады. Қалған футболшылардың көлік таңдауы туралы ақпарат берілмеген.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » BMW "Реал Мадрид" футболшыларына жаңа көліктер сыйлады