date

Гвардиола: “Оның кетуін түсінемін, бірақ әлі де командамда болғанын қалар едім”

Гвардиола: “Оның кетуін түсінемін, бірақ әлі де командамда болғанын қалар едім”

«Манчестер Сити» бас бапкері Пеп Гвардиола Англия Премьер-лигасының 8-турында «Эвертонға» қарсы ойын алдындағы баспасөз мәслихатында команда құрамы мен кеткен ойыншылар туралы айтты. Испаниялық маман Хулиан Альварес пен Аймерик Лапорт жайлы еске алып, олардың шешімін түсінетінін жеткізді.

«Біз требл жеңіп алғанымызда, орындықта кімдер болғанын есіңізде ме? Әрине, Аймерик Лапорт, Хулиан Альварес және басқалар. Мен оларды командада қалдырғым келген, бірақ олар көбірек ойнағысы келді. Мұнда бәсеке өте жоғары болды, сондықтан кетуге шешім қабылдады», — деді Гвардиола.

Қазір «Атлетико Мадрид» сапында ойнап жүрген Альварес туралы ол былай деді:
«Хулиан – өте жоғары деңгейдегі ойыншы. Сондықтан ол қазір әлемнің ең мықты клубтарының бірі — “Атлетико Мадридте”, үздік бапкердің қол астында ойнап жүр. Мүмкін, оны әлі де осында көргім келер еді, бірақ оның шешімін толық түсінемін».

Гвардиоланың айтуынша, «Манчестер Сити» клубындағы бәсеке ойыншыларды жаңа мүмкіндіктер іздеуге итермелейді:
«Бұл футболдың табиғи бөлігі. Кейде мансабыңда жаңа қадам жасау қажет. Біз олардың жетістіктерімен мақтанамыз».

Айта кетейік, бүгін, 18 октябрь күні сағат 19:00-де "Манчестер Сити" өз алаңында "Эвертонды" қабылдайды. Гвардиола командасы үш ұпай жинап, турнир кестесінде жоғары орынға көтерілуді көздейді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Гвардиола: “Оның кетуін түсінемін, бірақ әлі де командамда болғанын қалар едім”