date

Флик "Барселона"ның "Жирона" үстінен жеңісін маңызды деп атады

Флик “Барселона”ның “Жирона” үстінен жеңісін маңызды деп атады
"Барселона" бас бапкері Ханс-Дитер Флик командасының қазіргі жағдайы туралы пікір білдірді. Ол "Жирона" үстінен жеткен жеңіске риза екенін айтты.

Фликтің айтуынша, бұл үш ұпай команда үшін қазіргі кезде өте маңызды болды. Бұл туралы Euro-football.ru хабарлады.

Флик командада күрделі жағдай туындағанын мойындады. Ол "Жиронаға" қарсы ойында жігіттер алаңда бар күшін салғанын ерекше атап өтті.

Бапкер жеңістің команда жаттығуларында да жағымды атмосфера тудырғанын айтты. Оның айтуынша, жас футболшылардан құрылған командаға дәл осындай энергия жетіспей жүрген болатын.

Флик ойын талдауы барысында футболшылардың дұрыс орналасуы және қарсыласқа қатысты арақашықтықты сақтау маңызды екенін еске салды. Ол дұрыс емес позицияда ойнау футболшыларды артық жүгіруге мәжбүрлейтінін айтты.

Флик алаңдағы орналасуды жақсарту қажеттігін, сонда прессинг нәтижелі болатынын жеткізді. Ақпарат үшін, 21 қазан, сейсенбі күні "Барселона" Чемпиондар Лигасы аясында "Олимпиакосты" қабылдайды.

Команда бұл кездесуге мұқият дайындалып жатыр. Фликтің пікірінше, алдағы ойын да команда үшін маңызды сынақ болады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Флик "Барселона"ның "Жирона" үстінен жеңісін маңызды деп атады