
Испания чемпионатының соңғы турында “Барселона” өз алаңында “Жиронаны” 2:1 есебімен жеңді. Бұл кездесуде соғылған алғашқы гол “Барселона” үшін Ханс Флик бас бапкер болғаннан бері соғылған 200-гол болды.
Euro-football.ru дерегінше, бұл нәтиже барлық жарыстар аясындағы ойындар есепке алынған жағдайда тіркелді. Флик басшылығында “Барселона” өзінің 100-голын қаңтар айында соқты.
Бұл нәтижеге жету үшін команда 32 ойын өткізді. 200-голға жету үшін 71 кездесу қажет болды.
Бұл клуб тарихындағы үшінші үздік нәтиже болып табылады. Бұрынғы рекордтар бойынша, Эленио Эррера 61, Хуан-Хосе Ногес 67 кездесуде 200-гол межесіне жеткен.
Ногес 1930-жылдары “Барселонаны” басқарған. Салыстыру үшін, Луис Энрикеге 73, Хосеп Гвардиолаға 81, Йохан Кройфқа 100 ойын қажет болған.
Фликтің көрсеткіші клуб тарихындағы жоғарғы үштіктен орын алды.
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.