date

"Ноттингем Форест" Шон Дайчті бас бапкер етіп тағайындады

"Ноттингем Форест" Шон Дайчті бас бапкер етіп тағайындады

Англияның "Ноттингем Форест" клубы бас бапкер қызметіне Шон Дайчты тағайындады. Клуб басшылығы онымен 2027 жылдың жазына дейін келісімшарт жасады. Бұл туралы Euro-football.ru хабарлады.

Шон Дайч бұған дейін "Эвертон" командасын басқарған. Ол "Ноттингем Форестте" отставкаға кеткен Анге Постекоглудың орнын басты. Постэкоглу "Ноттингем Форест" "Челсиден" ірі есеппен жеңілгеннен кейін командадан кетті.

Жаңа маусымның басынан бері "Ноттингем Форест" үшінші бапкермен жұмыс істеуде. Қазіргі таңда клуб Англия Премьер-лигасында 18-орында келеді.

Команда сегіз турдан кейін тек бес ұпай жинады. "Ноттингем Форест" соңғы жылдары нәтижелерді жақсарту үшін жаттықтырушыларды ауыстыру жолына түсті.

Клуб басшылығы Шон Дайчпен ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа үміт артып отыр.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » "Ноттингем Форест" Шон Дайчті бас бапкер етіп тағайындады