date

«Челси» клубы «Ноттингем Форест» командасына 1:3 есебімен жол берді

«Челси» клубы «Ноттингем Форест» командасына 1:3 есебімен жол берді

«Челсидің» бас бапкері Калум Макфарлейн «Ноттингем Форест» командасынан ұшыраған 3:1 есебіндегі жеңілістен кейін өз шәкірттерін қатаң сынға алды. Бұл туралы Goal.com хабарлайды.

Кездесудің алғашқы минуттарынан бастап қонақтар басымдықты өз қолдарына алды. Тайво Авонийи 98-секундта есепті ашса, 15-минутта Игор Жезус пенальтиді дәл орындады.


Макфарлейн ойыннан кейінгі баспасөз мәслихатында командасының салғырттығын атап өтті. Оның айтуынша, алғашқы 15 минуттағы әрекеттерді мүлдем ақтауға болмайды және мұндай қателіктер команданы ауыр жағдайға түсірді.

Бірінші бөлімде «Челси» есепті қысқарту үшін қолайлы мүмкіндікке ие болды. Алайда Коул Палмер пенальтиді тиімді пайдалана алмады, оның соққысын Матс Селс қайтарды.

Сондай-ақ, Энсо Фернандестің соққысы бағанаға тиді. Екінші бөлімнің 52-минутында Авонийи өзінің екінші голын соғып, есепті ірілендірді.

Ойын соңында Жуао Педро әдемі соққымен «Челсидің» жалғыз голының авторы атанды. Қатарынан алтыншы рет жеңіліс тапқан лондондық клуб енді сенбі күні «Ливерпульге» қарсы алаңға шығады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » «Челси» клубы «Ноттингем Форест» командасына 1:3 есебімен жол берді