date

Карвахал Ла Лига президентіне АҚШ-тағы ойынға қарсылық білдірді

Карвахал Ла Лига президентіне АҚШ-тағы ойынға қарсылық білдірді
Реал Мадридтің капитаны Дани Карвахал Испания Ла Лигасы президенті Хавьер Тебастың пікірі жайлы өз ойын білдірді. Карвахал Тебастың "Реал" телеарнасының төрешілік туралы видеолары чемпионатты қолдан ұйымдастыру емес, АҚШ-та өткізілетін ойын ережебұзушылық деген мәлімдемесіне жауап қайтарды.

Euro-football.ru жазуынша, Карвахал әлеуметтік желідегі парақшасында "Тебас мырза, регламент бұзылуы жарыстың адалдығына нұқсан келтіреді. Сіз "Реал" телеарнасының видеолары туралы қалаған пікіріңізді айта аласыз.

Алайда, АҚШ-та ойын өткізу – ережелерді бұзу деген сөз. Егер бұл кездесу өтетін болса, турниріңізге дақ түседі", деп жазды.

Мәліметтерге қарағанда, "Вильярреал" мен "Барселона" командалары арасындағы матч 20 желтоқсанда Майами қаласында өтуі жоспарланған. Бұл шешім Испания футболында қызу талқылауға себеп болды.

Чемпионат ойынын АҚШ-та өткізу туралы ұсыныс футбол жанкүйерлері мен мамандар арасында түрлі пікірлерге себеп болды. Бұған дейін де Испания чемпионаты ойындарын шетелде өткізу туралы талқылаулар өткені белгілі.

Алдағы уақытта мұндай шешімдер Ла Лига регламентіне өзгерістер енгізуге алып келуі мүмкін.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Карвахал Ла Лига президентіне АҚШ-тағы ойынға қарсылық білдірді