date

Карвахаль қосалқы орындықта отырып Александер-Арнольдті келемеждеді

Карвахаль Александер-Арнольдті қосалқы құрам орындығында отырып келемеждеді

«Реал Мадрид» пен «Реал Бетис» командалары арасындағы кездесуде күтпеген оқиға орын алды. Мадридтіктер қорғаушысы Дани Карвахаль қосалқы құрам орындығында отырып, командаласы Трент Александер-Арнольдтің іс-қимылдарын келемеждеді.

Бұл туралы Goal.com хабарлайды.

Камера объективіне түсіп қалған кадрларда тәжірибелі қорғаушының ағылшын футболшысын келемеждеп отырғаны бейнеленген. Карвахаль Тренттің қорғаныстағы баяулығы мен жұмыс қарқынын сын тұрғысында көрсетіп берген.


Бұл жағдай әлеуметтік желілерде үлкен талқылауға себеп болды. Көптеген жанкүйерлер Карвахальдің бұл әрекетін командаласына деген құрметсіздік деп бағалауда.

Қазіргі уақытта Дани Карвахаль бапкер Альваро Арбелоаның қол астында аз ойын тәжірибесіне ие болуда. Оның алаңдағы орнын Александер-Арнольд иеленген тұста мұндай қарым-қатынас команда ішіндегі ахуалға әсер етуі мүмкін.

«Реал Мадрид» басшылығы немесе футболшылардың өздері әзірге бұл бейнежазба бойынша ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Аталған бәсеке тең есеппен аяқталған болатын.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Карвахаль қосалқы орындықта отырып Александер-Арнольдті келемеждеді