date

«Реал» 100 млн еуроға Алексис МакАллистерді сатып алуды жоспарлады

“Реал” 100 млн еуроға Алексис Макаллистерді сатып алуды жоспарлады

Аргентинадық жартылай қорғаушы әрі “Ливерпуль” футболшысы Алексис Макаллистер Испания чемпионатына ауысуы мүмкін. Euro-football.ru мәліметінше, Мадридтің “Реал” клубы 26 жастағы футболшыны өз құрамына қосуды жоспарлап отыр.

Дереккөзге сәйкес, “Реал” Макаллистерді 2026 жылғы қыс мезгілінде сатып алу ісімен айналысуда. Егер “Ливерпульмен” келісімге қол жеткізілмесе, клуб трансферді 2026 жылғы жазға қалдыруы мүмкін.

Макаллистер 2023 жылғы жаздан бері ағылшын командасында ойнап жүр. Футболшының “Ливерпульмен” қазіргі келісімшарты 2028 жылғы маусым айының соңына дейін жалғасады.

Transfermarkt мамандары Алексис Макалистердің нарықтық құнын 100 миллион еуро деп бағалап отыр. Макаллистер Аргентина ұлттық құрамасында да тұрақты алаңға шығып жүр.

Ол 2022 жылғы Әлем чемпионатында жеңіске жеткен құрамда да өнер көрсеткен.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » «Реал» 100 млн еуроға Алексис МакАллистерді сатып алуды жоспарлады